Indigo арқылы кезекке қалай қоюға болады? » №8 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№8 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 45-03-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-97-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Indigo арқылы кезекке қалай қоюға болады?

16
шілде
2024

Indigo арқылы кезекке қалай қоюға болады?

Indigo арқылы кезекке қалай қоюға болады?

Indigo жүйесі арқылы кезекке тұру үшін indigo24.kz веб-порталына кіру керек.

Indigo-ның электрондық өтінімін толтыру кезінде:

  • өтініш берушінің байланыс ақпаратын талап етеді
  • өтініш беруші мен баланы сәйкестендіру жұмысын жүргізеді
  • жеңілдіктерді (льгота) анықтау жұмысын жүзеге асырады
  • электронды хабарландыру параметрлерін көрсетуіңізді сұрайды

Indigo порталы арқылы өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануды қажет етпейді, оның орнына өтініш берушінің ұялы телефонының нөмеріне sms арқылы жіберілетін бір реттік парольдер қолданылады.  Indigo ұялы телефонмен, сонымен қатар компьютермен де қолдануға бейімделген.

Өтініш берушінің байланыс деректері. Кезекке қоюға өтініш беру үшін сіз кем дегенде екі жарамды ұялы телефон нөмірін және электрондық пошта мекен-жайын (бар болған жағдайда) көрсетуіңіз керек. Болашақта телефон нөмірлері жүйемен өтініш берушіге өтінішті қарау, балабақша кезегіне тіркеу және балабақшаға қабылдануға байланысты әртүрлі оқиғалар туралы хабарландыру жіберу үшін қолданылады.

Өтініш беруші мен баланың сәйкестендірілуі. Жеке деректерді сәйкестендіру үшін өтініш беруші өзінің және өтініш берілетін баланың ЖСН-ін көрсетуі керек. Көрсетілген ЖСН-дер бойынша Indigo жүйесі электрондық базалардан өтініш берушінің және баланың төлқұжаты мен туу туралы куәлігінің ақпаратын автоматты түрде есептейді. Сондықтан қағаз құжаттардың көшірмелерін қоса берудің қажеті жоқ.

Жеңілдіктерді (льгота) анықтау. Заңды талаптарға сәйкес егер бала келесі жәрдемақы алушылар санаттардың біріне жататын болса, кезектегі басым орынға (приоритетное место) ие бола алады:

  • әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары, оның ішінде қызмет ету кезінде қайтыс болған немесе жоғалып кеткендер;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар;
  • заңды өкілдері мүгедектігі бар балалар;
  • ата-анасының қамқорлығыңсыз қалған балалар;
  • жетім балалар;
  • көпбалалы отбасылардың балалары.

Алғашқы екі санат адамдары үшін растайтын құжаттарының сканерленген көшірмелерін қосу қажет. Барлық басқа жағдайларда Indigo автоматты түрде бір немесе бірнеше санатқа жататының анықтайды. Яғни сізге ешқандай құжаттардың көшірмесін қосудың қажеті жоқ, барлық қажетті мәліметтер бұрын көрсетілген ЖСН-ге сәйкес электронды базалардан алынатын болады.

Электрондық хабарландырулардың параметрлері. Өтініш берушімен әрі қарай байланысу үшін жүйе сізден байланыс орнатудың қолайлы әдісін (sms/email) және электрондық хабарламалар тілін сұрайды.

Ең соңында Indigo жүйесі өтініш берушіге жиналған барлық ақпаратты өрсетеді, растауды сұрайды және қызмет көрсетушіге электрондық өтініш жібереді. Жіберілген өтініш автоматты тұрде 1-5 минут ішінде тіркеледі. Реттік нөмірімен бірге кезекке сәтті тіркелу туралы хабарлама (sms/email) дереу жіберіледі.

Болашақта жеңілдіктер және байланыс ақпараттарын Indigo жүйесінің жеке кабинетіңізде өзгертуге немесе жаңартуға болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: