ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» - Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Мадина Садибекова Тараз қаласы №8 бөбекжай-бақшасының ұжымына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында семинар жұмысын өткізді. Семинар жұмысының мақсаты – жаңа модель бойынша мектепке дейінгі ұйым педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Семинар жұмысы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда заттық –кеңістіктік дамытушы ортаның маңызы мен тиімді ұйымдастырылуына бағытталды. Балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қаракөз Тұйғынбаева баланы мектепке дайындауда интерактивті тақтаның рөліне тоқталды. Ересек топ тәрбиешісі Абиева Айгерим баланы дамытуда ойын технологиясының рөлі туралы баяндады. Институттың аға оқытушысы Мадина Садибекова қатысушылардың тәжірибелерінде инновациялық технологиларын тиімді пайдалану жиілігін анықтауда топтық жұмысын жүргізіп, кездесетін мәселелерді анықтады. Кездескен мәселерді шешудің тиімді әдістері ұсынылды. Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлмира Айтқұлова педагог қызметкерлерінің осындай тәжірибелік бағытта ақпарат алып, кәсіби құзыреттілігін шыңдауға бағытталған әдістемелік қолдау көрсеткені үшін «Өрлеу» - Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтымен бірлескен жұмыстар жалғасын тапса екен деген ұсыныс айтты.