31
мамыр
2022
Референдум педагогтармен
Бөбекжай-бақша меңгерушісі Г. Айтқұлова 5 маусымда өтетін референдумға 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 5 маусымға белгіленген Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар бойынша республикалық референдумға қатыса алатынын және ол Конституцияның құқықтарының іске асырылу кепілі болып табылатынын атап айтты. Бөбекжай-бақшаның ата-аналары мен қызметкерлерге өз сайлау учаскелерінде біліп, тізімге енгізілгендігін нақты айқындай отырып, 5-маусым күні референдумға қатысуға шақырады. Ата заңға өзгеріс пен толықтырулар енгізуге бағытталған республикалық референдумның өткізілуін құптап, алдымыздағы ең маңызды өзгерістер - ел болашағына айрықша әсер ететіні сөзсіз деп атап өтті. Референдумды қолдауға бағытталған, ақпараттық түсіндіру жұмыстары талапқа сай жүргізілді.