31
мамыр
2022
Референдум ата-аналармен
Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Тараз қаласы 8 бөбекжай-бақшада ата-аналарға 2022 жылдың 5 маусымында өтетін Республикалық референдум туралы ақпараттық - түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Референдум-демократиялық қоғамның, кез-келген құқықтық мемлекеттің ең маңызды құралы. Бөбекжай-бақша әдіскері Г. О. Шарбадарова референдумға қатысу арқылы өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіріп, Конституциядағы өзгерістер мен толықтыруларға халықтың да үлес қосуының маңыздылығы туралы атап айтты. Ата-аналар Президент бастамасымен қолға алынған Республикалық референдумның өткізілуін қолдайтындарын жеткізіп, өзара пікір алмасты.