Мемлекеттік қызмет - қоғамдық міндет. » №8 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№8 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 45-03-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-97-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік қызмет - қоғамдық міндет.
15
ноябрь
2019

Мемлекеттік қызмет - қоғамдық міндет.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанның сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт болып табылғандықтан балабақшаның мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызмет алушылардың барлық талаптарын қанағаттандырады. Өйткені ата-аналар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, ал біздің мақсатымыз азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Ата-аналар www.egov.kz порталы арқылы балабақшаға кезекке тұрады  немесе edugarden.kz порталы арқылы кезекке тұруға болады. Ата-аналар өздері edugarden.kz порталына кіріп, бөбекжай-бақшаларында бос орын бюллетеніне кіріп, жолдаманы ала алады. www.edugarden.kz порталынан жолдама алып келген  ата-аналарына балабақша қызметкерлері қызмет көрсетеді. 

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);

      2) ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;

      5) баланың денсаулығы туралы анықтама;

      6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№8 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны   «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2017 жылдың 11 қазанында енген №518 бұйрығында көрсетілген өзгерістерді басшылыққа ала отырып қызмет атқарады. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
BoecChimi
29 мая 2020 12:52
Нормуль! Но я поступил именно так - тыц
WalerKem
22 августа 2020 02:10
Отлично . Впрочем мне намного больше импонирует предложение на этом сайте. Уверен это более продвинутая идея